Жарияланды: 29.09.2018

Түйе түбітінен құнды бұйымдар өндіруде

Түркістан облысындағы «Шымкент-Кашемир» түбіттен және жүннен өнім өндіретін Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Шетелдік құрылғылармен қамтылған өндіріс орны жылына 360 тонна түбіт тарауға қауқарлы, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.

Бүгінде төрт түліктің жүні — жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты саналады. «Шымкент-Кашемир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қой жүнінен бөлек түйе түбітін тарап, көрпе-төсеніштің түр-түрі, елуден   астам тоқыма бұйымдарын шығарады.

Шағанбек Қанжарбайұлы — «Шымкент-Кашемир» ЖШС-нің директоры

«Қазақстан бойынша миронос қойының жүнін, қазақы қойдың жүнінәкеліп өңдейміз.Миронос қойдың жүнін алғашқыда тек жуатын едік.Кейін топс жасап өңдеп Италияға,Қытайға, Жапонияға басқа да елдерге шығарып жатырмыз. Одан кейін қазақы қойдың жүнін өңдеп жатырмыз».

Жұрт қызыға киетін кашемирден жасалған бұйымдар осы кәсіпорында өнідіріледі. Кашемир — қазақы қой мен түйе жүнінің түбіті. Ал, жіп иіруге қажетті шикізатты топс деп атайды.

Нағима Қаратаева — технолог

«Бұл жерде біз әртүрлі жемпірлер, балардың киімдерін ер адамдардың шарфтарын тоқимыз.Бұл заттардың бәрін біз компьютер арқылы тоқимыз.Бұйымдарды тапсырыс арқылы тоқимыз.Бізге әртүрлі тапсырыстар келіп жатады. Мәселен қазақша оюлармен келіп жатыр.Солардың барлығын тоқып шығарамыз».

Қазір кәсіпорында  жүн өңдейтін,тарайтын,топс жасайтын, көрпе-киім тігетін төрт өндіріс цехы жұмыс істейді. Олар толықтай озық үлгідегі шетелдік құрылғылармен қамтылған. Алдағы уақытта жіп иіріп бояйтын, мата шығаратын цех ашу жоспарлануда.

С. Құттыбайұлы

1 096 қаралым