Жарияланды: 30.09.2018

Түркістан облысы – көкөніс өндіру авангарды

Қазақстанның оңтүстік аймағының жауын-шашынсыз күндерін барынша тиімді пайдалану, ашық алқапта жылына 3 рет көкөніс өнімдерін өндіруге жету – ауыл дихандарының алға қойған басты мақсаттарының негізгісі болып келген. Осы мақсатты іске асыру үшін көкөніс өнімін алудың ілгерілемелі жаңа технологиялық үдерістері бойынша зерттеулер жүргізу қажеттігі өткір сипат алды. Осы мәселемен Техника ғылымдарының кандидаты Бердияр Есбатырұлы өзінің туған өлкесі – Түркістан облысындағы Келес ауданында төменде аталатын бағдарламаны іс жүзінде асыруға кірісіп отыр. 
Келес ауданы жағдайындағы ылғалды-ресурс сақтаушы технология үшін машиналар кешенін әзірлеу мен жасау есебінен жаңа, ғылыми технологиялық және техникалық шешімдер негізінде, жылына 3 рет өнім алудың агротехникалық іс-шараларын жүзеге асыру жолымен көкөніс өндіруді қарқынды дамыту бағдарламасын жасап шығып, іске асыру бағытында жұмыстар атқарып келе жатыр. 
Бердияр Есбатырұлы Қалымбетов 1957 жылдың 9 – қарашасында Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі Қаратөбе елді мекенінде дүниеге келген. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ауыл шаруашылығын механизациялау және автоматтандыру Ғылыми Орталығының директоры болып қызмет етеді. 
Бердияр Есбатырұлының қадамына сәттілік тілей отырып, Келес ауданының әкімдігі оның бастамаларын жан-жақты қолдайтындығын білдіріп отыр.

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

950 қаралым