Жарияланды: 30.09.2018

Түркістан облысында жеңіл өнеркәсіп саласы желкен керді

Түркістан облысында жеңіл өнеркәсіп саласы желкен керді.  Әсіресе, аяқкиім тігу өндірісі ілгері басып келеді. Айталық, таяуда ғана іске қосылған «LUX SHOES» серіктестігі аяқ киімнің 100-ден астам түрін тігіп жатыр. Күн өткен сайын өнім түрлері де көбейе түсуде. Кәсіпорын күніне 100-150 жұп аяқ киім шығаруға қауқарлы, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.

Бүгін қаладағы бірқатар аяқкиім сауда нүктелерін аралап шықтық. Бір байқағанымыз халық қымбаттығына қарамастан сапалы бұйымдар сатып алғысы келеді. Өзіміздің отандық өнімдерді іздейді.Бұл әрине қуанышты жағдай. Халқымыздың тұрмыстық жағдайының түзелгенінің белгісі.Ендеше кәсіпорында өзіміздің отандық өнім қалай өнірілуде соны білейік

Ашылғанына  бір айдан енді асқан  «Люкс Шоес»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде аяқкиімнің жүзден астам түрін шығарады. Кәсіпорын толықтай түркиялық тенологиямен қамтылған. Соған сай  өндірілген өнім де сапалы.

Гайрат Хасанбаев — « LUX SHOES» ЖШС-нің бас директоры

Біздің фабрика Түркия аяқкиімінен қалыспайтын сапалы өнім шығарып жатыр. Бір ай болды күніне 100-150 жұп аяқ киім шығарыа жатыр. Сапасы өте жоғары.Болашақта 500 мың парға жеткіземіз.

 

Қазір фабрикада екі өндіріс жүйесі үздіксіз жұмыс істейді. Онда 120 адам жұмыспен қамтылған. Фабрикада әзірге ерлер аяқ киімі тігіледі. Алдағы кезде балалар және әйелдер аяқ киімін шығару ісі жоспарлануда.

Сандуғаш Жомартбекова — дизайнер

Біздің шығарып жатқан өніміміз отандық болғаннан кейін біз таза теріні қолдануңа сапалы етіп шығаруға тырысып жатырмыз.Біз қазір екі айдың көлемінде 300 ге жуық аяқ киім түрін шығарып қойдық.Осымен тоқтап қалмаймыз күн сайын жаңа модельдерді ойлап табуға тырысамыз.

Бүгінде кәсіпорын өзіне қажетті  шикізаттың 50 пайызын шет мемлекеттерден  алады. Кәсіпорын өзгеге тәуелді болмас үшін ,өңіріміздегі екі өндіріс орнымен бірлесіп, сапалы шикізат өндіруді қолға алмақ.Сондай-ақ тағы екі өндіріс  жүйесін ашу жұмысы   жоспарлануда.

С.Құттыбайұлы                       

996 қаралым