Жарияланды: 30.09.2018

Мақташылар мақсаты – мол өнім

 Қыркүйек келді дегенше, мақташы қауымның жұмысы қызды деңіз. Өйткені, тап қазір диқан қауымының ерте көктемнен еткен еңбегінің жемісін көретін шақ. Мақта теру науқаны Түркістан қаласы мен іргелес жатқан Иқан ауылында да қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Иқандық диқандардың көксегені- мол өнім жинап, ризығын арттыру.

Мақтаны ірі шаруашылықтар да жеке тұлғаларда егеді. Күш – қуаттарында да айырмашылық болғанымен, бейнеті бір. Өйткені, мақта дақылы қашан өсіп-өнгенше де, өнімін жинап алғанша да аса зор күтімді қажет етеді. Ал, ауа-райының қолайсыздығы-олда үлкен мәселе. Алайда, диханшылықтың осы түрін кәсіп еткендер қиындыққа қарамайды.

Әмиджан Оспанов – дихан

Ертеректе мақта алқабындағы өнімді жинап алу ең кемі екі айға созылатын. Жан-жақтан қанша көмек күші тартылса да ол мерзім еш қысқармайтын. Бүгінде ондай жайбасарлық жоқ. Науқан қысқа мерзімде аяқталады. Өйткені, еңбекке ынта бар, өнімге жанашырлық басым, — дейді дихан Айнитдин Срашeв.

Айнитдин Срашев – дихан

Шындығында мақта алқабының қай тұсына қарасаңызда тынымсыз еңбек еткен жандарды байқайсыз. Оның да жөні бар. Өйткені, әрбір жұмысшы еткен еңбегіне қарай қолма қол қаржы табады. Сондықтан жұмыстары да адал еңбек те берекелі.

М. Атабек

 

 

1 271 қаралым