Жарияланды: 30.09.2018

«Назар текстиль» жіп иіру цехын ашпақ

Түркістан облысындағы «Назар Текстиль» өндіріс орнының ауқымы күннен-күнге артып келеді. Кілем тоқу фабрикасында қазір жеті жүйе тоқтаусыз жұмыс істейді, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.

Бүгінде өнеркәсіп орнында кілемнің жүзден астам түрі бар. Бәсекеге қабілетті тоқыма фабрикасының  тоқтаусыз жұмыс істеуінің арқасында мұнда жылына 3 миллион шаршы метр кілем тоқылады. Алдағы жылы өндіріс көлемін 2 есеге көбейтпек.

Келісбек Полат — «Назар Текстиль» кілем тоқу фабрикасының ішкі өндіріс басшысы

Бізде қазір 7 тоқыма қондырғысы жұмыс істеп тұр. Әрқайсысы тәулігіне 1,5 мың шаршы метр 3 мың шаршы метрге дейін кілем тоқуға қауқарлы. Жалпы тәулігіне 10 мың шаршы метр кілем тоқуға мүмкіндік бар.Біз шикізатта Түркия елінен аламыз.

Фабрика өнімдері сапасы жағынан әлем таныған алпауыттардың тауарынан кем емес. Өндіріс орнының кілемдерін өзімізден бөлек, Кырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстанға экспортталады. Алдағы уақытта Ресей нарығына жол тартпақшы.  

Шерхан Керімбай — тоқымашы

Мұнда бұрынғыдай қара жұмыс емес. Жеңіл бәрі электронды жүйеде. Ең бастысы кілем сапасыына тығыздығына қараймыз.Бір кілемнің шығуы үшін әжептеуір жұмыс қажет. Бәрі компютер арқылы жасалынады.

Серіктестік тағы екі өндіріс жүйесін іске қоспақ. Сондай-ақ, шикізатқа тәуелді болмас үшін жіп иіру цехын ашуды жоспарлап отыр. Бұл іс жүзеге асқан жағдайда кәсіпорын тағы 300 адамды  жұмыспен қамтылмақ.

С.Құттыбайұлы                                            

 

 

1 900 қаралым