Жарияланды: 30.09.2018

Еңбек адамдарының таңы ерте атады

Түркістанды түлету, өркендету-тек лауазым иелерінің ғана міндеті емес. Оған әрбір тұрғын, әрбір азамат атсалысуы қажет. Қаладағы тазалық мекемесінің жұмысшылары осы міндет үдесінен шығып, уақытпен санаспай жұмыс атқаруда, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Өйткені, облыстың жаңа орталығы қай жағынан да алда болуы тиіс. «Ал, тазалық мәдениетін қалыптастыру- біздің басты парызымыз»- дейді қарапайым еңбек адамдары.

Иә, Түркістанның әрбір таңы осы бір қарапайым еңбек адамдарының қарбаласымын атады. Ол заңды да. Өйткені, қаладағы тазалық мәселесі қашан да алдыңғы орында.  Сондықтан,  бұл азаматтарға артылар міндет те, жауапкершілік те зор. «Ел оянып, жұрт жұмысқа барғанша,  жүрер жолдың бәрін тазалап, реттеп қою- біздің парызымыз»- дейді жұмысшылар. 

Сара Жақыпова – жұмысшы

Жұсысымыз таңғы сағ 6- дан басталады….

Бұл азаматтар үшін алагеуімнен басталған жұмыс күн батқанша толас таппайды.  Өйткені,  жаңарып  жатқан қаланың тіршілігі де қайнап келеді. Келетін қонақтар да көп, талаптар да өзгерген.  Ал жауапкершілік жүгі кімге де болсын жеңілдемесі анық.

Берік Жұмаділдаев – жұмысшы

 Қала тазалығы баршамыздың міндетіміз… Балаларға да айтып отырамыз…

Бір қараған жанға бұл азаматтардың жұмысы қарапайым  әрі елеусіз     көрінуі  мүмкін. Алайда, оның астарында үлкен жауапкершілік, үлкен  еңбек жатыр.   Оның үстіне ауа райының қолайсыздығана қарамай, әрі уақытпен санаспай еңбек ету  де оңай шаруа емес. Сондықтан еңбек адамдарының таңы да ерте атады.

М.Атабек

 

1 405 қаралым