Жарияланды: 30.09.2018

Отандық өндіріс өркендеп келеді

Түркістан облысында шұлық шығаратын зауыт бар. «Әлем БТ» аталатын кәсіпорынның өндіріс ауқымы күннен күнге артып келеді. Қазір зауыт айына бір миллион жұп шұлық тоқуға қауқарлы, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Сенбек Құттыбайұлы кәсіпорын тынысымен танысып келді.

Ашылғанына үш жыл болған «Әлем БТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде шұлықтың 200-ден астам түрін шығарады. Кәсіпорын толықтай озық үлгідегі Оңтүстік Кореялық технологилармен қамтылған. Соған сай өндірілген  өнімдер де сапалы. Бәскелестікте бәсі биік.

Мақсат Балабиев — «Әлем БТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіріс жөніндегі директордың орынбасары

Фабрикада қазіргі заманға сай технологиялар қолданылады.Шұлық шығаратын фабрикада мақта өнімінен жасалынатын жіп,синтетикалық лайкра, латекс ол қазіргі әлемдік этолонға сай келеді.Шығаралып жатқан шұлықтарымыз сапасы жағынан басқа да келіп жатқан импорттық өнімдерден кем емес.

Фабрикада екі жүйе үздіксіз жұмыс істейді. Тоқыма цехында озық үлгідегі 246 құрылғы орналасқан. Онда балалар, әйелдер және ерлер шұлығы тоқылады. Кәсіпорында өнімді өтімді ету мақсатында дизайндік жұмыс жолға қойылған.

Гүлжан Ізбасқанова — дизайнер

Әртүрлі дизайндерді ойлап табуға тырысамыз. Мысалы кішкентай жеткіншектердің шұлықтарын қонжықтың,қоянның,машина болсын суреттерін саламыз. Ата-аналар қызығып алуы үшін неше түрлі дизайндерді ойлап табуға тырысамыз.

 

Серіктестік 230 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта  2 өндіріс жүйені қосу ісі жоспарлануда. Ол жүзеге  асқан жағдайда тағы 400 азамат екі қолға бір күрек таппақ.

1 166 қаралым