Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданы облыстағы іргелі аудандардың бірі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жылдан жылға артып келеді. Ауданның 2018 жылғы 6 айға арналған бюджетінің кірістері 7 270,1 млрд теңге, оның ішінде өзіндік кірістер 382,6 млн теңгеге бекітілген. Бюджеттік кірістер 101,3 пайызға (99,7 млн теңгеге), оның ішінде жергілікті түсімдер 122,7 пайызға (86,8 млн теңгеге) артығымен орындалды. Аудан бюджетінің шығыстар бөлігі нақты 100 пайызға игерілген. Аудан бюджеті 2018 жылдың 6 айында 2017 жылғы есепті мерзімге қарағанда 118,3 пайызға (1,1 млрд теңге), 2016 жылғы 6 аймен салыстырғанда 2 есе (2,6 млрд теңге) өсті. Өнеркәсіпте де өркендеу бар. Ауданда өнеркәсіп саласында 2018 жылы 6 айдағы жоспарланған өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1 402,3 млн теңге болып, нақты өсім көлемі 103,2 пайызды құрады. Бұл 2017 жылғы 6 аймен салыстырғанда 482 млн 190 мың теңгеге артық. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы индустрияландыру картасы негізінде Боралдай ауылдық округі Жыланды елді мекенінен бөлінген 60,045 гектар жер теліміне индустриялды аймақтың құрылысы жүргізілді (жалпы құны 326,6 млн теңге). Ағымдағы жылы индустриялды аймақта құс өсіру, құс өнімдерін өңдеу және темір бетон өнімдерін өңдеу зауытының құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Жарияланды: 01.10.2018