Жарияланды: 01.10.2018

Тиісті құжаттамаларын әзірлеуде

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданының табиғи ерекшелігін ескере отырып, баламалы  энергия көздерін өндіру бойынша жел және күн электр станциясын салуға бірнеше кәсіпорын (отандық «Жүзімдік ветро паркі», Біріккен Араб Әмірлігінен «Эмпереал Ренюбл Энерджи Казахстан», Оңтүстік Кореяден «Кюнцен К» жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктері) қызығушылық танытып, тиісті құжаттамаларын әзірлеуде. Қазіргі таңда «Жүзімдік Ветро паркі» қажетті құжаттарын толық дайындап, 2018 жылдың 4 тоқсанында құрылыс жұмыстарын бастамақ, ал, «Эмпериал Ренюбл Казахстан» мен «Кюнцен К» кәсіпорындары жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуде. Елбасы Жолдауында елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу тапсырылған. Осы орайда ауданда 2018 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша 3642 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс жасауда. Онда жұмыс істейтін адамдардың саны 7905 адамға жетіп, 2017 жылғы 6 аймен салыстырғанда 102 пайызға, яғни 130 адамға артты. Шағын және орта бизнес субъектілерінің есепті мерзімде өндірген өнім көлемі 3,1 млрд теңгені құрап, жоспар 104 пайызға орындалып, 2017 жылғы 6 аймен салыстырғанда 105 пайызға артқан. Аудандағы бөлшек сауда көлемі 920 млн 2 мың теңгені құрап, 2017 жыл 6 аймен салыстырғанда 107,4 пайызға артқан.

1 062 қаралым