Жарияланды: 01.10.2018

Тартымды аймақтың бірі

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданы туризмге тартымды аймақтардың бірі. Аудан аумағында 5 туристік нысан тіркелген (Домалақ ана, Қос-ана, Бәйдібек ата кесенелері, Ақмешіт әулие үңгірі, Аппақ Ишан мұражайы). Оның ішінде облыстық туристік картаға аудан көлеміндегі екі тарихи нысан «Ақмешіт үңгірі» және «Домалақ ана» кесенесі енгізілген.

«Бәйдібек ауданының 2018-2020 жылдарға арналған даму концепциясына» сәйкес, 2019 жылы жеке кәсіпкер өз қаржысы есебінен 75 млн.теңгеге «Ақмешіт үңгірі» аумағынан келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ жай салып, айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары жоспарланса, Бәйдібек ата кесенесі жанынан жеке кәсіпкер өз есебінен қазіргі талаптарға сай қонақ үй құрылысын жүргізіп, 2018 жыл соңына пайдалануға беру жоспарлануда. Алдағы уақытта аудан аумағында өзге де туристік нысандар, демалыс аймақтарын салу жоспарлануда.  

1 090 қаралым