Түркістан облысындағы Сайрам ауданы бойынша ағымдағы жылдың 5 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 17 миллиард 234 млн.теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 27,8 пайыз өсім байқалады. Оның ішіндегі өңдеу өнеркәсібі саласында 14 миллиард 900 миллион теңгенің өнімі өндірілген, өсім 32,5 пайыз. Өңдеу өнеркәсібінің 49 пайызын қайта өңдеу кәсіпорындары құрайды. Қайта өңдеу саласының кәсіпорындары есепті мерзімде 7,0 миллиард теңгенің өнімін өндірген, өнім көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12,1 пайызға өскен. Жалпы, ауданда қайта өңдеу саласында 40 шақты кәсіпорын өнім өндіреді. Сонымен қатар 35 шақты диірмендер мен көкөніс консервілейтін цехтар өнім өндіреді. Оның ішінде: шұжық өндіретін «АЛМА» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, ет өндіріп, буып-түйетін «Қайып ата» ЖШС, бұқтырылған ет шығаратын «Нұр Қарабұлақ» ЖШС, сүт өнімдерін өндіретін «Сайрам сүт», «Компания Натур Продукт» ЖШС, «Озай Зеки» ЖШС, «Рассвет» өндірістік кооперативі, сонымен қатар 35 шақты диірмендер мен көкөніс консервілейтін цехтар өнім өндіреді. Қайта өңдеу саласында өрлеу бар. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы саласында тағы бірнеше шаруа қожалықтарын құру жоспарда тұр.
Жарияланды: 01.10.2018