Жарияланды: 03.10.2018

Қазығұрттағы индустриалды аймағында 3 жоба жүзеге асырылған

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында бюджет қоржыны толымды болып отыр.  Былтыр аудан бюджетінің жалпы көлемі 16765,0 млн. теңгеге бекітіліп, бюджетті нақтылау барысында 2 272,40 млн. теңгеге артып, жылдық жоспар 19 037,4 млн. теңгені құрады. 2018 жылғы жоспар 19984,2 млн. теңге.

2017 жылы бюджеттің шығыс бөлігінің жоспары 19037,4 млн. теңге болса, нақты 19 029,0 млн. теңге, немесе 99,96 пайызға игерілді. 2018 жылдың 8 айының жоспары 13897,8 млн. теңге болса, нақты 13567,7 млн. теңге игерілді.

Ішкі кірістер бөлігінің жоспары 1 531,3 млн. теңге болса, нақты орындалғаны 1 572,9 млн. теңгеге артып, жоспар 102,7 пайызға орындалды. 2018 жылдың 8 айының жоспары 1056,9 млн. теңге болса, 1099,1 млн. теңгеге орындалып,104,0 пайызды құрады. Жыл соңына 1614,5 млн. теңге түсіру болжануда. Жалпы өңірлік өнім 2017 жылы 97,9 млрд. теңгені құрады. 2018 жылдың 8 айының қорытындысымен 61697,0 млн. теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 15,9 пайызға артты. Ауданға жалпы 2017 жылы 17 078,4 млн. теңге инвестиция тартылып, жоспар 113,5 пайызға орындалды. 2018 жылдың 8 айның қорытындысымен 11133,1 млн. теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,9 пайызға артты. Бүгінгі таңда Индустриялдық аймақта жалпы 13 гектар жерге 1,9 млрд. теңгелік 7 жоба орналастырылған. Одан: 3 жоба іске асырылып, 4 жоба 2018-2019 жылдарға іске қосылуы жоспарланған.

1 073 қаралым