Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Өткен жылы 30 шағын жоба іске қосылып, 253 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 2018 жылдың 8 айында 19 шағын жоба іске қосылып, 225 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. (Сауда орталықтары, азық түлік дүкендері, балабақшалар, медицина орталығы, жиһаз дүкені, техникалық жөндеу орталығы, монша және т.б.). Нәтижесінде, 2017 жылы субъектілер саны 7174ге жетіп, жоспар 103,6 пайызға өскен. 11428 адам жұмыспен қамтылған. Олардың өндірген өнім көлемі 46 242,5 млн.теңгені құрады.Ал 2018 жылдың 8 айында субъектілер саны 8083 жетіп, жоспар 110,6пайызға өскен. 11571 адам жұмыспен қамтылған. Олардың өндірген өнім көлемі 31307,7 млн.теңгені құрады.Кәсіпкерлік саласын дамытуға барлық қаржы ұйымдарынан 6081тұлғаға 3521,7 млн. теңге несие берілсе, 2018 жылдың 8 айында 3777тұлғаға 2067,3 млн. теңге несие берілді. Негізгі басым бағыты – ауыл шаруашылық саласы бойынша. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін жалпы 42 жоба қолдау алған болса 2017 жылы 12 жоба орнына13 жоба мақұлданып, 65 жұмыс орны ашылды. 2018 жылдың8 айында 2 жоба қосымша қолдау алып, 25 жұмыс орны ашылды.1. Шарбұлақ ауыл округінен «Береке-Агро СТК» ӨК 50 гектар интенсивті алма бауы жобасына қажетті инфрақұрылым тарту мақұлданған.
- «Қазығұрт» индустриялдық аймағындағы «Ақ-ниет-5» ӨК-не қажетті инфрақұрылым тарту мақұлданған.