Жарияланды: 09.05.2017

ОҚО ДА 170 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНА БАР

Оңтүстік Қазақстан облысын «Алтын құрсақты аналар» аймағы деп атаса да артықтық етпейді. Күнгейде өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген «алтын құрсақты» аналар жеткілікті. Республикадағы әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келетіні баршаға мәлім. Бүгінде өңірімізде 169 330 көп балалы аналар есепте тұрады. Олардың 6157-і «Батыр аналар», 25426-ы «Алтын алқа», 34 756-ы «Күміс алқа» иегері. Ал, 8791 ана І-ші және ІІ-ші дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған. Сондай-ақ,облыста 1 миллион 440 мың әйел азаматтары бар болса, олардың 267-і ғылым докторы, 1458-і ғылым кандидаты, 214-і профессор, 604-і доцент екен. Ал 2676 нәзік жанды азаматша мемлекеттік қызметкер болып табылады. Әйел азаматтар облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 30,7 пайызын, білім саласындағы педагогтардың 76,8 пайызын, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің 86 пайызын құрап отыр.

3 117 қаралым