Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданы аграрлы екенін ескеріп, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударылуда. Егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісін кеңінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау егу, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Ауыл шаруашылық саласы жоспарлы жүргізілуі қатаң сақталған. Есепті 8 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 22 086,7 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 109,8 пайызды құрады. Өнім көлемінің жоспары, нақты көлем индексі 9,8 пайызға артық орындалды. Егіс көлемі 83 983,1 гектарды құрады. 13500 гектар суармалы жер 100 пайызға игерілді. Ағымдағы жылы бүгінгі таңға дәндік жүгеріден 2490 тонна, көкөністен 49 000тонна, бақшадан 14 000 тонна, ақтүйнек 6 900 тонна өнім жиналып, өнім жинау жұмыстары жалғасын табуда. Ал масақты дақылдардан 103 052,3 тонна өнім жиналды. Бидайдың орташа өнімділігі 24,5 центнерге артты. Тамшылатып суғару әдісі қосымша 451,28 гектарға ендіріліп, оның жалпы көлемі 2950 гектарға жетті. 20,5 гектарға қосымша жылыжайлар ұлғайтылып, оның жалпы көлемі 121,5 га жетті. Осы жылыжайлардан жыл бойына 36,6 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды. Жыл басынан фермерлерге «Ырыс» қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 38 жобаға 190,2 млн. теңге несие берілді.
Жарияланды: 03.10.2018