Түркістан облысы Қазығұрт ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына аясында 2017 жылы 4982 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, жылдық жоспар 159,0 пайызға орындалды. 2018 жылы 3969 адам тартылады деп жоспарланған болса, нақты 2970 азамат бағдарламаға тартылды, жылдық жоспар 75 пайызға, 8 айлық жоспар 103 пайызға орындалып отыр. Ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,0 % құрап, жұмыссыздар саны 2431 адам болды. 2017 жылы 2 рет жәрмеңке өткізіліп, барлығы 91 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылса, 2018 жылдың 8 айында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспары 80 адам болса, 82 азамат жұмысқа орналастырылып, жоспар толығымен орындалды. 2017 жылы 732 азамат демалыс орындарына жіберілсе, оның ішінде 313 мүгедек азаматқа тегін жолдама берілді. 2018 жылдың 8 айында барлығы – 532 жекелеген санаттағы азаматтар демалыс орындарына жіберілсе, оның ішінде жеке оңалту бағдарламасы бойынша 255 мүгедектігі бар азаматтар сауықтыру орындарына тегін жолданды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2017 жылы 77 маманға 12,2 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы, 45 маманға 153,2 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға жәрдемақы 2018 жылы 87 маманға 14,6 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы, 20 маманға 72,1 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға жәрдемақы берілді.