Жарияланды: 03.10.2018

Өз қаржысы есебінен ашылды

 

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында мал бордақылау алаңдарын салу бойынша – жылдық жоспар 100 бірлік салу болса, қазіргі таңға 56 бірлік шаруалардың өз қаржысы есебінен салынып, жоспар 56 пайыз орындалып отыр. Ауданда Ірі қараны бодақылаумен айналысатын шаруа қожалықтарының қатары артып келеді. Олар өнімдерін қайда өткіземіз деп уайым жемейді. Өңірдегі және өзге облыстардағы әлеуметтік мекемелер тапсырып беріп отырады. Одан бөлек жеке сатып алармандары да аз емес. Одан бөлек жанұялық сүт фермаларын салу бойынша – жылдық жоспар 40 бірлік салу болса, қазіргі таңға 28 бірлік шаруалардың өз қаржысы есебінен ашылды, жоспар 28 пайыз орындалып отыр. Ауданда балық шаруашылығымен айналысатындар қатары да жыл санап көбейіп келеді. Бүгінде аудан орталығында «Балық орталықтары» көптеп ашылуда. Сұраныс болғаннан кейін артып отырғаны да белгілі. Балық шаруашылығын дамыту – 1 бірлік жоспарланған, жыл соңына дейін орындалады. Минералды тыңайтқыш бойынша — 2483 тоннаға өтінім берілді. Қазіргі таңға 2050 тонна алынып, 14525 гектар  жерде күздік егіс қоректендірілді. Дала жұмыстарына қарастырылған 2795 тонна жанармайдың 2690 тоннасы немесе 96 пайызы агроқұрылымдар тарапынан алынды. Егіс алқаптарының электрондық картасын енгізу – 13.07.2018 жылға жоспарланған 17247 гектар егістік жердің 19226 гектары енгізіліп, 111,5 пайыз орындалды.

1 017 қаралым