Жарияланды: 03.10.2018

Зауыттың ашылуы жақын

Мақтаарал ауданындағы Индустриалды аймақта құрылысы аяқталған «Soldatos» ЖШС-ның асфальт-бетон зауытының ресми ашылуы ауданның 90 жылдығын тойлау барысында өтеді. Жоба бойынша 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылып, сағатына 300 тонна асфальт-бетон өнімдері өндірілетін болады.

Индустриалды аймақта жүзеге асып жатқан жобалармен толық танысқан Н.Жолдасов атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, аудан орталығы Мырзакент кентіндегі «Ақ алтын» мәдениет үйінде өткен «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының ХХХІІ конференциясына қатысты.

Жиында сөз алған Нұрмахан Жолдасов күн тәртібіндегі бірінші мәселе — партияның аудандық филиалының төрағасын сайлау бойынша сөз сөйлеп, филиал төрағалығына Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың кандидатурасын сайлауды ұсынды. Осылайша делегаттардың бірауыздан қолдауымен «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағалығына аудан әкімі Асанов Бақыт Нәсірханұлы сайланды.

Жиын барысында сөз алған аудан басшысы өзіне жүктелген зор жауапкершілік пен сенімді ақтайтынын жеткізді. «Маған білдірген үлкен сенімдеріңізге рахмет. Бұған дейін дамудан шет қалған Мырзакент пен Атакентті, жаңадан құрылған Мақтааралдың барлық округтерін дамытуға күш салатын боламын!»,- деді Бақыт Нәсірханұлы.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1 049 қаралым