Жарияланды: 04.10.2018

Бизнес идея кәсіпкерліктің негізі

Сарыағаш ауданында 2018 жылы 29 мамандық бойынша жоспарға сәйкес 1190 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданған. Оқуға жолданған азаматтардың арасында атаулы әлеуметтік көмек алған 1053 азамат. Жалпы оқуға жолданған 1190 азаматтың 914 азаматы сұранысқа ие заман талабына сәйкес келетін білікті мамандық иесі атанып, ауданның мәдениет үйінде өткен жәрмеңкеде күәліктері салтанатты түрде тапсырылып, бос жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде 662 азамат жұмысқа орналасқан.
Солардың бірі Дербісек ауыл округінің тұрғыны – Акимбаева Юлдуз. Аталмыш азаматша атаулы әлеуметтік көмек алып, ағымдағы жылдың маусым айында ЖК «Lara» оқу орталығына 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдама алған. Акимбаева Юлдуз өзі таңдаған «тырнақ өңдеу шебері» мамандығын меңгеріп, оқуды аяқтағаннан соң өзі тұратын ауылда ашылған «Сая» сұлулық салонына жұмысқа орналасып, бүгінгі таңда мамандығы бойынша жұмыс істеуде. Және де аталмыш азаматша «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында» бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа үміткер ретінде құжатын тапсырды. Сарыағаш ауданы тұрғындары атаулы әлеуметтік көмектің мақсаты- мемлекетіміздің бізге беріп отырған орасан зор мүмкіндіктерін тиімді, ұтымды пайдаланып, табыс көзін арттырып, сонымен қатар кедейшіліктен арылуға,әр азаматтың екі қолға бір жұмыс тауып, кәсібін ашып, отбасын оңалту болып табылады.

1 357 қаралым