Жарияланды: 04.10.2018

Индустриалды аймақтан арнайы жер бөлінді

Түркістан облысындағы Жетісай ауданында Индустрияландыру картасы аясында жалпы 2010-2017 жылдары аралығында жалпы құны 5262 млн. теңгені құрайтын 11 жоба іске қосылып, 680 жаңа жұмыс орындары ашылған болса, 2018 жылдың қорытындысымен өнеркәсіп өнімін 13666,4 млн.теңгеге, НКИ 104,8 пайызға жеткізу жоспарланған. Ол үшін «Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы» шеңберінде ауданға инвестиция тарта отырып, 2018 жылы жалпы құны 3537 млн. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Олар: «Soldatos» ЖШС-ның «Асфальт-бетон зауытының құрылысы» Жобаның құны 300,0 млн. теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орны 30 адам, өндірістік қуаттылығы сағатына 300 тонна. Қазіргі таңға индустриалдық аймақтан жер бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған. Екінші жоба– Жеке кәсіпкер «Раджапов»-тың «Полиэтилен өнімдерінің өндірісі». Бұл жобаның құны 200,0 млн теңге, ашылатын жұмыс орны 36 адам, өндірістік қуаттылығы 500 тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда индустриалды аймақтан жер бөлініп, құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде. Үшінші жоба да өте маңызды. «Айбек» шаруа қожалығы «Медициналық мақта өнімдерінің өндірісін» ашпақ. Бұл мақсатқа 85,0 млн теңге бағытталғалы отыр. Егер жоба толық жүзеге асса, 28 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кәсіпорын 2 млн. дана медицинаға қажетті өнім шығаруға қауқарлы. Бүгінгі таңда аталған жобаға индустриалды аймақтан арнайы жер бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

964 қаралым