Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының тұрғындарының әлеуметтік дамуы жыл жылжыған сайын дамып келеді. Ауданды газбен, электр қуатымен толық қамту мәселесі бүгінде шешімін тапқан. Ауданда 2017-2018 ж.ж. аудан аумағындағы 14 елді мекендегі электр энергиясы жетіспейтін аумақтарды қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірленуде. (Олар: Жаңабазар а.о. Тілектес, Жылыбұлақ ж/е Қарабастау е.м., Қарабау а.о., Сынтас е.м. ж/е Амансай ауылы, Қ. Абдалиев а.о., Рабат ж/е Атбұлақ е.м., Қызылқия а.о., Айнатас е.м., Қақпақ а.о., Заңғар ж/е Сырлысай е.м., Қазығұрт а.о., Қазығұрт, Молбұлақ ж/е Ащыбұлақ е.м., Шарапхана а.о., Майлыошақ е.м.) 2019-2022 жылдары аталған аумақтарды электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетін болады. Бүгінгі күнге дейін Қызылқия а.о. Айнатас елді мекені мен Жаңабазар а.о. Тілектес елді мекенін электр энергиямен қамтамасыз ету нысандарының ЖСҚ-ы үшін сараптамалық қорытытындылар алынып, қаржыландыру жоспарына енгізу үшін облыстық басқармаға ұсынылды. 2017 жылы Қызылқия а.о. Үлкен Келес магистралды каналының бойынан «Salem Consulting» ЖШС (басшы Шалқаров Ғани) жалпы құны 400,0 млн. теңгені құрайтын, қуаты сағатына 0,975 мВт электр қуатын өндіретін Достық ГЭС-інің құрылысын аяқтап, бүгінгі күнде «Энергопоток» мекемесіне 1 кВт энергияны 16,71 теңгеден сатуда.
Жарияланды: 04.10.2018