Жарияланды: 06.10.2018

Алып қоймалар салу жоспардануда

Түркістан облысындағы Сайрам ауданы өндіріс өрлеген, шаруасы шалқыған аудан. Өйткені ауданның халқы еңбекқор, жазда кетпенін күнге сүйдіріп, ала жаздай еңбек етіп нәпақа табады. Одан бөлек ірі өндіріс орындары да аз емес. Алдағы уақытта пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған жобалар да жоқ емес. Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында орналасқан «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілдуе.  Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын жобаның жалпы құны 2016,7 миллион теңге. Оның 350 миллион теңгесін кәсіпкер мемлекеттік  бағдарламаның арқасында қол жеткізген. Кәсіпорын 2018 жылдың екінші жартысында іске қосылады деп күтілуде. Жоба қуаттылығы 1,2 миллион құты  көкөніс консервілеу және 40 мың тонна көкөніс сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын толық іске қосылғанда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Қазір мұнда консервілеу цехының құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтарға тапсырыс беріліп қойған. Сондай-ақ көкөніс сақтайтын 8 дана қойма құрылысын салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда сиымдылығы 5 мың тонналық 1 қойма іске қосылған. Басқа қоймалардың құрылысы аяқталуға жақын. Жалпы барлық қоймалардың жалпы сиымдылығы 40 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда мұндай алып қоймалардың қажеттілігі туындап отырғаны ақиқат. Сондықтан да кәсіпкерлердің дені өндірісті жүргізуден бөлек сақтауды да ойлана бастады.

 

1 073 қаралым