Жарияланды: 06.10.2018

Индустриалды аймақтардың әлеуеті зор

Қазіргі таңда Түркістан облысында 11 индустриалдық аймақ құрылған. Аудандардағы және қаладағы индустриалдық аймаққа бөлінген жердің жалпы ауданы 959 га. Соның ішінде 2 индустриялды аймақ («Оңтүстік» ИА, 337 га., «Тассай» ИА 89 га.) Шымкент қаласының аумағында орналасқан.

Соның ішінде, жалпы ауданы 699 га құрайтын, 9 индустриалдық аймаққа инфраструктура тартылған (Шымкент қ. «Оңтүстік» индустриалдық аймағы, Шымкент қ. «Тассай» индустриалдық аймағы(ИА), Түркістан қ., Кентау қ., Созақ ауданы, Шардара ауданы, Түлкібас ауданы, Қазығұрт ауданы, Мақтарал ауданы).

Одан бөлек, жалпы ауданы 260 га құрайтын, 2 ауданда және қалада (Бәйдібек ауданы, Ордабасы ауданындағы Бадам – Қазақ Түрік индустриалдық аймағы КТИА) инфраструктура құрылысы жүріп жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалдық аймағында
180,0 млрд.тг., құрайтын 175 жоба іске қосылып, 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашып отыр. Бүгінгі күні ол 175 жобаның ішінде
42,0 млрд.тг., құрайтын 76 жобасы — 4 517 жұмыс орнын ашып отыр.

2010 жылдан бері индустриалдық аймақтың өндірген өнімінің жалпы соммасы 111,7 млрд. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, 2010 жылдан бастап, индустриалдық аймақтың қатысушыларының басқа төлемі мен салық түріндегі бюджетке аударымы 8,7 млрд. теңгені құрайды.

2017 жылы 7,8 млрд.тг., құрайтын 10 инвестициялық жоба іске қосылып, 403 жұмыс орны ашылды.

1 166 қаралым