Жарияланды: 06.10.2018

Терең қопсыту технологиясының пайдасы көп

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Ауданның негізгі саласы да ауыл шаруашылығы. Осы тұрғыдан 2018 жылғы жарты жылдықта ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 5893,2 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 112,5 пайызға артқан. Биылғы жылы ауданға 40 га жерге  таңқурай өсіру тапсырмасы берілген. Ауданның таулы аймақтарында жеке қосалқы шаруашылықтарда таңқурай өсіріліп, тапсырма толық орындалды. «Ауданның 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» бағдарламасына сәйкес ауданда егістік жерді игеру жоспары 91,7 мың га болса, нақты 94,3 мың га (1102,8%) игерілген. Жылыжай құрылысы бойынша 2 га тапсырма берілсе,  нақты 4,5 га орындалды. Суармалы жер көлемін ұлғайту бойынша 150 га қосу керек болса,  тапсырма 100 пайызға орындалды. 12 940 га алқапқа аудан агроқұрылымдары терең қопсыту технологиясын ендіріп,  егіс еккен. Тапсырма 12 мың га болды, нақты 107,8 пайызға орындалды. Шаян ауылында 10 га жүзім егілді (жоспар 10 га) 100 пайыз орындалды.

 

1 129 қаралым