Жарияланды: 06.10.2018

Әлеумет үшін …

Түркістан облысындағы Бәйдібек аудандағы тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық  саласындағы жұмыстарға да мән беріліп, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, елді мекеннің бейнесін көркейту-көгалдандыру бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. 11 шақырым құрайтын «Ақбастау-Тұрақты-Қаратас» автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2017 жылы облыстық бюджеттен қаржы қаралып жұмыстар жүргізілуде, ағымдағы жылдың қараша айына дейін пайдалануға беріледі. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Ақжар елді мекеніне кіре беріс 10 шақырым автожолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Аталған нысан 2019 жылға өтпелі болып табылады. Тасқұдық автомобиль жолының 8-ші шақырымындағы көпірге күрделі жөндеу, Шақпақ автомобиль жолының 5-ші шақырымындағы көпірге күрделі жөндеу, Шаян елді мекеніндегі Қадырбаев көшесіне дейінгі аралыққа көпір салу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық салалық басқармаға қаржыландыруға ұсынылды. 2018 жылы облыстық және аудандық бюджеттен қаралған қаржыға елді мекендердегі 14,5 шақырым құрайтын 9 көше жолдары орта жөндеуден өткізілу үстінде.  

1 168 қаралым