Жарияланды: 06.10.2018

Ауылдарға ауыз су толық жеткізіледі

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданындағы ауылдың елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі. Аудандағы 52 елді мекендердің 34 елді мекендерінде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген (34 елді мекендердің халық саны – 45 796 адамды немесе 83,4 пайызды  құрайды).  Ауыз су құбыры жоқ 18 елді мекендердің 12-інде (Алмалы, Жұлдыз, Алғабас, Жаңаталап, Талап, Ақжар, Қошқарата, Ақтас, Кеңсай, Екпінді, Жиенқұм, Бірлік) ауыз су құбырларының құрылысы ауданның 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясына сәйкес, 2018-2020 жылдары аралығында жүргізіледі деп күтілуде. 2 елді мекенде (Ақбұлақ, Нұра) өзі шығып жатқан жерасты ұңғы суларын пайдаланады. Қалған 4 елді мекен (Үсіктас, Байжансай, Шұқыршақ, Қызылжар елді мекендері) ауданның шалғайда орналасқан жерлерінде орналасуына байланысты, ауыз су құбырларын тарту жұмыстары экономикалық жағынан тиімсіз болып саналады. 2018 жылы ауыз су құбыры бар 8 елді мекендегі (Жоғарғы Боралдай, Боралдай, Қосбұлақ, Бестоғай, Қазата, Ақбастау, Тасқұдық, Шыбыт елді мекендері) ауыз су жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, әзірленген сметалық құжаттамаға сәйкес «Бәйдібек Су» МКК-ның тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

1 180 қаралым