Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында 2017 жылдан 2018 жылға өтпелі болып табылатын 1 «Ақтас-Қошқарата-Кеңсай» магистралды суаққы және 3 елді мекендегі (Ақтас, Қошқарата, Кеңсай) ауыз су құбыры құрылысына қаржы бөлініп, жұмыс кестесіне сәйкес межеленген жұмыстар жүргізілуде.
Осы жылы 3 елді мекендегі (Екпінді, Жиенқұм, Бірлік) ауыз су құбырының құрылысына бөлінген қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары мамыр айынан бастап жүргізілу үстінде. Аталған 3 нысан 2019 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 3 елді мекендегі (Алғабас, Алмалы, Талап) ауыз су құбырының құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Сондай-ақ, Ақжар, Жаңаталап, Жұлдыз елді мекендеріндегі ауыз су құбырының құрылысын жүргізуге сәулеттік жоспарлау тапсырмалары (АПЗ) әзірленіп, облыстағы салалық басқармаға жобалау сметалық құжаттамасын қаржыландыруға ұсынылды.
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға Ағыбет елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталып, аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға Сарқырама елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Қалған елді мекендердің ауыз су құбырларының құрылысы ауданның әлеуметтік-экономикалық бағдарламасына сәйкес, 2018-2020 жылдары аралығында жүргізіледі деп күтілуде.