Жарияланды: 07.10.2018

Бюджеттен бөлінген қаржыға тиісті жұмыстар жүргізілуде

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы 14 елді мекенді (Ынтымақ, Жыланды, Түйетас, Амансай, Талап, Сарыбұлақ, Жиенқұм, Жүзімдік, Мыңбұлақ, Мәдениет, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ, Бестоғай, Ақбұлақ) табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеуге облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңға оның 7 елді мекеніне (Жүзімдік, Мыңбұлақ, Мәдениет, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ, Бестоғай, Ақбұлақ) әзірленген ЖСҚ-ларға мемлекеттік сараптаның оң қорытындылары алынып, құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға облыстық салалық басқармаға бюджеттік өтінімдері ұсынылды. Нәтижесінде Жүзімдік, Мыңбұлақ, Қайнарбұлақ, Ақбұлақ елді мекендерін газдандыруға облыстық бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып отыр.Сонымен қатар, 5 елді мекенді (Бірлік, Кенестөбе, Тұрақты, Кеңес, Жолғабас) табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қажетті қаржылары облыстық салалық басқармадан сұралуда. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Шаян ауылының кәріз жүйелерінің құрылысы 2018 жылдың мамыр айынан басталып, межеленген жұмыстар атқарылуда.

 

1 380 қаралым