Жарияланды: 07.10.2018

Индустриялды аймаққа жұмсалған қаржы толықтай бюджетке қайтты

Түркістан облысындағы Созақ ауданында
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай, Шолаққорған ауылында «Тәуелсіздік» саябағы пайдалануға берілді. 2,18 гектар жерді алып жатқан саябақта Тәуелсіздікті айшықтайтын монумент, 30 метрлік тұғырда көк байрақ орнатылған. Серуен жолы, су бұрқақтар, жол айырықтар салынған. Аудандағы индустриалды аймақта жалпы құны 1 млрд 204 млн. тг құрайтын 5 жоба іске қосылып, жұмыс жүргізілуде. Аудандағы индустриялды аймақтың инфрақұрылымына 290,1 млн теңге жұмсалса, бүгінгі таңда аймақтағы жобалардың салық есебінен индустриялды аймаққа жұмсалған қаржы толықтай бюджетке қайтты. Мәселен, 2017 жылы индустриалды аймақта 917 млн теңгенің өнімі өндіріліп, аудандық бюджетке 99 млн. 300 мың теңге қаржы түсті. 95 жаңа жұмыс орны ашылған.
Шолаққорған ауылының орталығындағы С.Қожанов көшесі бойына, «Айшуақ», «Балауса» балабақшаларына, А.Сүлейменов және А.Байтұрсынов мектебіне баратын көшелеріне аяқ жолдар салынды. Шолаққорған ауылындағы 7,1 шақырым Түркістан-Созақ автомобиль жолының жұмыстары аяқталды. Аудандық маңызы бар 5 шақырым Қарабұлақ-Балдысу автомобиль жолы биыл пайдалануға беріледі.

 

1 017 қаралым