Жарияланды: 07.10.2018

Демеушілер көмегімен салынған

Түркістан облысындағы Созақ ауданында биылғы жылы демеушілер есебінен ауылдық округтерде 10 футбол алаңын және 2 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланып отыр. Шолаққорған ауы­лынан Сұлтанбек Қо­жанов мұражайының құрылысы басталады. Балдысу елді меке­ніндегі Ж.Жабаев атындағы орта мек­тебінің, Құмкент ауыл­дық округінен спорт ғимаратының, қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, Шолаққорған, Сызған, Қызылкөл ауылының орталық көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Президенттің бес әлеуметтік бастамасында айтылған бірінші «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасы бойынша, Шолаққорған ауылынан 10 пәтерлі 2 тұрғын үй, Созақ ауылынан 10 пәтерлі 1 тұрғын үй құры­лысының жұмыстары басталады.
Сондай-ақ, Шолаққорған – Жеткеншек бағытында 2 қабатты 14 үйдің құрылысын жүргізуге ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптама қортындысын алу жұмыстары жүргізілуде.

955 қаралым