Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Осы мақсатта Түлкібас ауданы Келтемашат а/о қарасты Жандарбеков атындағы ЖОМ 7-10 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықпен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу» және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Құқықтық тәрбие дегеніміз не? А. С. Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпағанымыз жөн болар. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай? Бала мен ата -ананың құқықтары мен міндеттері белгіленген заңдарда тиісті құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-ананың міндеттері де көрсетілген. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналарға арналған жаднама бар.
Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257 — бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, ата — аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мәселен, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытт а (сағат 22 — ден таңғы 6 — ға дейін) ойын — сауық мекемелерінде болуы ескертуге әкеліп соғады. Дәл осындай келеңсіздіктерді болдырмау, жастардың жат қылықтарға бармауын қадағалау үшін осы жиында қатысушыларға арнап психологиялық және құқықтық кеңестер айтылды.