Жарияланды: 10.10.2018

Шаруа қожалықтары көбейіп келеді

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы ауылдардың әлеуметтікэкономикалық дамуы қарқын алып келеді. Аудандағы Жартытөбе ауыл әкімшілігі 9 айдың қортындысы бойынша салықтық және салықтық емес түсім бойынша кіріс 3892,0 мың теңге болса, оның ішінде табыс салығының түсімі 423 мыңт еңгені құрап жылдық жоспарды 141 %-ға, мүлік салығы 29,8 мың теңгені құрап 198 %-ға, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша салынған айыппұл көлемі 120,3 мың теңгені құрап 101 %-ға, ерікті алыс 345,3 мың теңгені құрап 101 %-ға жылдық жоспарды толығымен орындады. 9 айдың қортындысымен көлік салығы 1851,8 мың теңгені құрап 149 %-ға, мемлекеттік мүлікті жалға беру бойынша 910,5 мың теңге түсіп жоспарды 114 %-ға орындады. Сондай- ақ, шағын және орта бизнесі дамыту саласында да әжептәуір істер атқарылуда. Нақты дерекке сүйеніп сөйлер болсақ, 4 азық-түлік дүкені, 6 аралас сауда дүкендері, 1 АЗС халыққа қызмет көрсетіп отыр. Сондай-ақ кіші мал бордақылау алаңдары жұмыс жасайды. Ауылда шаруа қожалықтары жылдан жылға көбейіп келеді. Ауылдық округде 1 жеке меншік балабақша ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткізіп, бүгінгі күнде жұмысын бастауға дайындық жүргізуде. Сонымен қатар Бабата елді мекенінен 1 аралас заттар дүкені іске қосылып, құжаттандыру жұмысын аяқтауға жақын. Жартытөбе елді мекенінен 1 аралас заттар дүкенінің құрылысы жүріп, кәсіпкер 2018 жылдың аяғына іске қосуды жоспарлауда.

1 145 қаралым