Жарияланды: 10.10.2018

«Инвест» бағдарламасының пайдасы мол

 

Табиғаты көркем Төлеби ауданы мемлекет тарапынан қолдау тауып, көркейіп келеді. Әсіресе, ауыл округтеріндегі жарық мәселесі оң шешімін табуда. Жаңа бағаналар орнатылып, көше бойы жарықтандырылып жатыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін жаңа үшін трансформаторлар орнатылды.

Елдімекен көшелердің бірқатары күрделі жөндеуден өтті. Бұл мақсатқа бюджеттен қыруар қаржы бөлінді. Сондай ақ, ауданда демографиялық өсімнің артуына байланысты бірнеше ауылдық округтерде жаңа массивтер құрылды.

Нұрғали Қосалиев —  Төле би ауданы, 1-мамыр ауыл округының әкімі

Еліміздің саны өсуіне байланысты, жаңа массивтер Алғабас пен Бейнеткеш елдімекенінде, аудандық бюджеттің қаржысы қаралған. 2млн 797 мың тенге сол жобалар ұсынылды.

Шаһардың 7 елдімекенінде жаңа бағаналар орнатылып, айнала жап-жарық күйге енді. Құрылғанына аз уақыт болса да, «Оңтүстік жарық» мемлекеттік мекемесі белсенді еңбек етіп келеді. «Инвест» бағдарламасы бойынша көшелерге  заман талабына сай трансформаторлар мен электр жүйесі орнатылды.

Махамбет Машаев – Төлеби аудандық электр жүйесінің бас инженері

Биыл Төлеби ауданында «Инвест» бағдарламасы бойынша бірнеше електр жүйелеріндегі бағаналар іске қосылды. Тасарық елдімекенінде 77 бағана, Ақайдар елдімекенде 77 бағана, Новостроевкада 65 бағана, Первомаевкада 149,  Ынтымақ елдімекенінде 82, Майбұлақта 142 және жаңадан трансформаторлар орнатылды.

Әбіш Көлбаев – Төлеби ауданының тұрғыны

Жарыққа байланысты, 2018 жылдың басынан бастап елімізде жарықтандыруға жақсы көңіл бөлінуде. Оған дәлел мына ауылдағы көшелердегі столбылар толығымен ауыстырылды. Жарық мәселесіне келсек ешқандай қиындық жоқ, күндіз, түні жанып тұрады.

Тұрғындардың алғыстан өзге айтары жоқ. Өйткені, осы уақытқа дейін аталған өзекті мәселелер шешімін таппай келген. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне әр берген игі істің жүзеге асуы — ел экономикасының шарықтап дамуына дәлел.

Арайлым БАЙЗАХОВА      

1 035 қаралым