Білім алып, кәсіп үйренемін деушілерге, мемлекет қашан да қолдау жасайды. Бұл Жөнінде Елбасы Жолдауында да нақты көрсетілген. Ал, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы – азаматтардың өз бейіміне қарай негізінен үш бағытта жұмыс жасауы шарт. Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Түркістан облысындағы Арыс қаласында атқарылып жатқан шаралар аз емес, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Тәуелсіз мемлекетіміз — дамудың даңғыл жолында. Бұл бағытта алға қарай ілгерілеудің бірден-бір тиімді жолы – жұмыссыздықпен күресу. Осы мәселені оңтайландыру мақсатында қолға алынған мемлекеттік жобалар тиімділігін көрсетіп отыр.Сандуғаш Арыс қаласының тұрғыны. Талай жылдан бері тұрақты жұмыс таппай сабылған еді. Енді міне, жергілікті жердегі жұмыспен қамту мекемесі арқылы қайта даярлаудан өтіп, шаштараз мамандығын игеріп, сол арқылы екі қолға бір күрек тапқан.Әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелерін қайта даярлаудан өткізу ісі кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Қазір осы бағыт бойынша көптеген азаматтар өз қалаулары бойынша қысқа мерзімдік даярлықтан өтіп, кәсіптерін жалғастыруда. Жастар практикасы аясында да тұрақты жұмыс жасап жатқандар жетерлік. Сонымен қатар жеңіл үлгіде несие алып,өз шаруаларын дөңгелетемін деушілерге де жол ашық. Бұл орайда«Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы негізінде қолға алынған жоба, азаматтардың жаппай жұмыспен қамтылуына септігін тигізері күмәнсіз.
Ө. ЖОЛДАСБЕКОВ