Жарияланды: 10.10.2018

Кәсіпкерлік саласы жедел дамып келеді

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Құмкент ауылдық округінде шағын және орта кәсіпкерлік саласы соңғы жылдары жедел дамып келеді. Округтің негізгі саласы ауыл шаруашылық саласы болып есептеледі. Осыған орай ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында біршама жұмыстар атқарылған. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы малдарын асылдандыру барысында мемлекет есебінен ауылдық округіне қарасты 3 елді мекеннен 1 қолдан ұрықтандыру пункті, 1 мал дәрілеу бассейні ашылды. Ауылдық округі бойынша 2 ЖШС-і, 37 шаруа қожалығы, 1- өндірістік кооперативі жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта өндірістік кооператив 2 комбайн , Шаруа қожалықтары 3 жаңа трактор және жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын алып, шаруашылықтарын дөңгелетуде. Халықтың денсаулығын арттыру мәселесінде ауылдық округіне қарасты елді мекендер де шет қалған жоқ. Ауыл тұрғындарының демеушілік жасауы арқылы 2003 жылы ауылдық аурухана салынса, 2012 жылы жаңа емхана құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілген. Ауылдық округтің санитарлық тазалығын жақсарту мақсатында біршама жұмыстар атқарылған. Яғни, ауылдық округінен қатты қалдықтар мен күл-қоқыстар тастайтын арнайы полигон бар. Жергілікті тұрғындардың тұрмыс тіршілігі күн санап көркейуде, заманауй үлгіде жеке тұрғын үйлер көбеюде. Елдің ынтымақ- бірлігі өзара жарасым тауып, тату тәтті, берекелі өмір кешуде.

Нұржамал МАЙУСОВА.

1 108 қаралым