Жарияланды: 10.10.2018

Ел экономикасының инновациялық дамуы үшін…

Дуальді оқу жүйесін енгізуде ұлттық модель қалыптастыру және ел экономикасының инновациялық дамуы үшін кадр дайындау мәселелері бойынша, әлеуметтік әріптестікті дамыту үшін Шымкент аграрлық колледжі оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында Түркістан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының көмегімен «Аға сарапшыларқызметі» (SES) бойынша Германия елінің тәжірибелі Ауыл шаруашылық маманы Dr. Peter Robert Christ-і арнайы шақырды.
Халықаралық сарапшы ауыл шаруашылығында көп жылдық тәжірибесі бар. Агрономия саласын меңгерген, «Ауыл шаруашылығының халықаралық дамуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Дуалді кәсіби білім беру саласының оқыту әдістемесін жетік меңгерген және оқу бағдарламаларын әзірлеген білікті маманы. Ямайка, Филиппин және Англияда ауылшаруашылығы саласында жұмыс жасаған. Сонымен қатар, Ямайка аграрлық колледжінде сабақ беріп, Германияда дуальды білім беру саласында пәнаралық ауылшаруашылық институтының директоры болып жұмыс істеген.
Колледж оқытушылары 2 апталық тәжірибе алмасу барысында доктор Кристтен ауыл шаруашылығы, орман және қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша, мамандардың біліктілігін арттыруға және оқу бағдарламаларын түзуге, ағымдағы жағдайды талдауға, педагогикалық білім берудің технологияларын келесі бағыттар бойынша: өсімдік шаруашылығы, бағбандық және көгалдандыру, ұрықтандыру және өсімдіктерді қорғау бойынша жаңа материалдармен алмасады. Колледж басшылығы бұл жобаның нәтижесінде оқытушылардың кәсіби дамитынына, кадрлар мамандарды даярлауда заманауи тәсілдерді қолданатынына және жаңартылған оқу жоспарларын құрастыратынына, дуальды білім беру жүйесін енгізу арқылы кәсіпорындар мен колледждің біріккен жұмысының нәтижесінде сапалы мамандарға қол жеткізетініне және бәсекеге қабілетті болатынына сенімді.
Қазақстанға алғаш рет табан тіреген сарапшы Dr. Peter Robert Christ пікірінше, осы сипаттағы біріккен жұмыстарды өткізу білім алушыларға алғашқы қадам жасауға , сонымен бірге еліміздің дамуына зор үлес қоса алатындықтарын атап өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты әрбір оқу орындары немесе кәсіпкерлер өз мекемелеріне Германиядан кез-келген сала бойынша тәжірибелі экспертті персоналдардың біліктілігін арттыруға, әлемдік тәжірибе жинақтау сияқты басқа да мәселелер бойынша шақыртуға мүмкіндіктері бар.
Аталған бағдарлама Германия мен Қазақстан арасында түрлі бағыттар бойынша тығыз әріптестікті қолдау мақсатында жүзеге асырылуда

1 116 қаралым