Елбасы қойған міндеттердің бірі—ет экспортының әлеуетін арттыру.Сайрам ауданы Түркістан облысы бойынша ет өндіруден алда келеді. Ауданда жыл басынан бері 70 мал бордақылау алаңы ашылды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.
Ауданның ауыл шаруашылығы саласында әсіресе ет әлеуетін арттыру, экспорттау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.Соңғы 2 жыл ішінде 18 мың тоннаға дейін ет өнімдері өндірілді.Шет елдерге қой, ірі қара еті экспортталды.
Нұрпапа Көпеев аудандық ауыл шаруашышлығы бөлімінің басшысы
Жылына 2 рет сойылғанда 65-70 мыңдай мал бордақыланып, оның еттері республика ішінде Алматы,Астана, Қызылорда қалаларына жіберіліп жатыр.Елбасының ет экспортын арттыру тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 8 айында алыс-жақын шет елдерге қара мал және қой еті шышығарылды Осы күнге дейін 350 мың тонна ірі қара мал еті шығарылды
Мемлекеттік бағдарламалар мен несиелік жеңілдіктерді ұтымды пайдаланған сайрамдық кәсіпкерлер мал бордақылау алаңдарын көптеп ашуда. Бүгінде ауданда 913 мал бордақылау алаңы бар. Олар бір мезетте 32-35 мың бас мал бордақылауға қауқарлы.Солардың бірі Манкенттегі «Алимкул Ата» шаруа қожалығы. Мұнда мың бас ірі қара бордақыда тұр.
Файзулла Аликулов «Алимкул Ата» шаруа қожалығының басшысы
Қазіргі кезде жаңа «Сыбаға» бағдарламасы бойынша малдарды жетілдіріп болғаннан кейін өкімет тарпынан берілетін субсидияны алып жатырмыз. Бұнымен тоқтап қалмай кйінгі жоспарымыз келешекте малдың басын 2 мыңға жеткізбек ойымыз бар. Сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз.
Айта кету керек ет әлеуетін арттыру бағытында Түркістан облысы бойынша ең ірі жоба Сайрам ауданында жүзеге асуда.3,4 милиард теңгені құрайтын «Нұрым групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Манкент елді мекенінен 10 мың сиырды бордақылау кешенін салуда.Өндіріс орнында жылына 5 мың тонна ет өндіріледі деп жоспарлануда.
С.Құттыбайұлы