Жарияланды: 11.10.2018

«Жылыжайда көкөніс дақылдарынан экологиялық таза өнімге қол жеткізу»

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек», – деген болатын. Осы орайда, Түркістан облысындағы Шымкент аграрлық колледжінде «Жылыжайда көкөніс дақылдарынан экологиялық таза өнімге қол жеткізу – бүгінгі күннің талабы» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Жылыжайда көкөніс дақылдарынан бәсекелестікке қабілетті, экологиялық таза және жоғары сапалы өнім өндіруде энтомафагтарды өсірудің тиімділігін арттырудың маңызы.
Шымкент аграрлық колледжінің оқу-өндірістік базасында жылыжай кешендерінде жоғары сапалы, экологиялық таза өнімге қол жеткізу үшін көкөніс дақылдарының зиянкестеріне қарсы биологиялық күресу жолында – заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде үйрету үшін энтомофагтар өсірілуде. Энтомофагтарды өсіруге бейімдеу жұмыстары зертханалық жағдайда жүргізіледі.
Ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерімен күресуде қолданылатын басқа тірі организмдер алғашқылардың табиғи жаулары болады. Оларға бунақденелілер мен кенелердің, нематодтар мен қарапайым жәндіктердің жыртқыш тоғышарлары, сүтқоректілер мен құстардың жыртқыш түрлері және ауру тудыратын бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар жатады. Бұларды пайдалы жәндіктер немесе энтомофагтар деп атайды.
Семинарға Түркістан облысы жылыжайлар қауымдастығының төрағасы, «МРиК» ЖШС директоры Мырзахмет Снабекұлы Снабаев, Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Ұласбекқызы Сәрсенбиева, облыстағы жауапты аграрлық сала мамандары, жылыжай шаруашылықтарының агрономдары, шетелдік әріптес мамандар Украина мен Германиядан келген мамандар қатысты.

 

 

1 141 қаралым