Түркістан облысына қарасты Төле би ауданының әкімі Омарбеков Бауыржан аудандық мәслихат хатшысы Қойбағаров Нұрланмен бірге Алатау ауылдық округі аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысу барысында нысандарды аралады.
Бірінші кезекте Қайнар елді мекеніндегі тұрғындардың демеушілігімен салынып жатқан спорт залдың құрылыс жұмыстарымен танысты.
Содан соң, елді мекендерді газдандыру бойынша жүргізілген жұмыстарды қарады. Бүгінде ауданға қарасты ауыл аймақта құрылыс қызу жүргізілуде.
Сондай ақ, Алатау жалпы орта мектебінің ескі ғимаратымен және елді мекеннің орталық көшесіндегі тұрғын үйлердің қас беттерін ретке келтіру жұмысымен, округ аумағындағы облыстық маңызы бар жолдарға жүргізілген жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты.
Аралау соңында аудан басшысы Алатау ауылдық округінің әкімдігінің ғимаратында бөлім жауаптыларымен жиналыс өткізді. Жиналыста атқарылған жұмыстар бойынша және су, газ, жер мәселесі бойынша талқылап, аудан әкімінің сұрақтарына округ әкімі Ешімбетов Болысбек жауап берді.
Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі