Жарияланды: 12.10.2018

Қарт анаға қолғабыс берді

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Кызылжар ауылдық округінде ерікті жастар жалғызілікті Есенғалиева Мугина апамыздың үйіне барып, үй жұмыстарына қолғабыс көрсетіп қайтты. Іс-шараның басты мақсаты-жастарымызды имандылық пен адамгершілікке тəрбиелеу, ауыл азаматтарына қол ұшын беру, үлкендерге құрмет көрсетіп, ақ баталарын алу. Қарт ана жастарымызға ризашылығын білдіріп, тілеулес таныта ақ батасын берді. Сондай-ақ, Жібек жолы ауылдық округінде де ерікті жастар Дихан баба елді мекеніндегі ҰОС ардагері Ташметов Жұмабай атамыздың үйіне барып, үй жұмыстарына қолғабыс берді.  Сонымен қатар бұл күні Жылға ауылдық округінде Жылға ауылдық округі әкімдігі мен «Жастар ресурстық орталығы»КММ-ның ұйымдастыруымен ҰОС ардагерлері мен қарттарды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстап қайтты. Бұл өнеге жастарға ізгі қасиет дарытады, қарт кісілерге ізеттілік көрсету арқылы өздері де көкейге көп нәрсе түйеді. Осы шаралардан жастарымыз өмірлік рухани азық ала білді деп ойлаймыз.

1 270 қаралым