Жарияланды: 12.10.2018

«Өміріңнің кейіпкері — өзіңсің!» атты әлеуметтік-психологиялық семинар өтті

Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ нің ұйымдастыруымен «Өміріңнің кейіпкері  — өзіңсің!» атты әлеуметтік-психологиялық семинар Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің акт залында Қаратау ауылдық округінің жастарына өтсе,  сонымен қатар дәл осындай шара Қарағұр жалпы орта мектібінің акт залында Қарағұр ауылдық округінің жастарының арасында өткізілді. 
Аталған семинарға Панфилов атындағы ж/о мектебінің, Саржаз негізгі орта мектебінің және С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары, сонымен қатар Қарағұр ж/о мектебінің, Батырбекова атындағы және Бақбергенов атындағы ж/о мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесуге орталық нұсқаушылары Утебаева Айнұр мен Байменов Ерұлан және орталық психологы Ниязәліқызы Ләйла, аудандық орталық аурухананың СӨСҚО маманы Қойлыбаева Меңтай қатысты. Шара барасында жастармен көкейкесті мәселер талқыланып, жастарға психологиялық, құқықтық, әлеуметтік кеңестер айтылды. Шара соңында жастар арналған арнайы «кофе брейк» ұйымдастырылып, жастардың бір — бірімен араласуына, достықты нығайтуға жағдай жасалды.

1 175 қаралым