Жарияланды: 12.10.2018

Жастармен еркін форматта кездесу өткізілді

Аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлерінен құралған топ мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында Алмалы ауыл округі жастарымен еркін форматта кездесу өткізді. Жиында жастар арасында орын алып жатқан,түрлі мәселелерді алдын алу шаралары бойынша түрлі ауқымды жоспарларымен бөлісті. 

Қазақстанда балалар, бүкіл әлемдегідей, үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады, алайда осы кезге дейін қоғам бұл мәселеге зейін қойып көрген жоқ. Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық құжаттарда көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.

Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бойынша мәліметтер мен жетік статистикалық деректердің жетіспеу проблемасы бар елдердің қатарына Қазақстан да жатады. Мәселенің тереңдігі мен көлемі әлі де белгісіз, ал біздің қолымыздағы біркелкі емес және үзінді зерделеу нәтижелері іс жүзіндегі жағдай туралы болжамдар жасауға ғана мүмкіндік береді.

Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда. Жағдайдың шатақ болуы мәселенің күрделілігіне байланысты, сондай-ақ балалар жайлы пікірдің индивидум және отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар құқық субъектісі болудан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Балаларға қатыгездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы.

 

1 150 қаралым