Жарияланды: 13.10.2018

Жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды

Әлеуметік-экономикалық даму барысын әлеуметке жасалған жағдайға қарап та бағалауға болады. Бүгінде облыс орталығынан шалғайда жатқан ауылдарға дейін газ тартылыпы, жарық тартылуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Таукент кенті мен Шолаққорған, Жуантөбе, Жартытөбе ауылы, Сызған ауылымен Қызылкөл елді мекенінің негізгі көшесі жарықтандырылды.Дана қазақ әрқашанда жолаушы жүрген даңғыл жолды кие тұтып, қадірлеген. Қалың қауым кие тұтқан жол бойын жарық нұрға бөлеген мақсатында мереке қарсаңында бірнеше ауыл округтеріндегі көшелерді жарықтындыру ісі қолға алынды. Нәтижесінде Жартытөбе ауылы, Қызылкөл елді мекені, Сызған, Жуантөбе, Шолаққорған ауылдарының негізгі көшелерін аудандық бюджет есебінен жарықтандырылды. Шолаққорған ауылындағы орталық Сұлтанбек Қожанов және Сабит Мұханов кошесіндегі 17,5 (9,5) шақырым көшенің жарықтандырылуының қосылуына аудан әкімі С. Полатов қатысты. Бұл жарықтар энергия қуатын аз тұтынып, тұрғындарының кеш мезгілінде қолайлы жүріп тұруына жағдай жасайды. Ауыл елді мекендерді жарықтандыру жергілікті бюджет есебінен іске асырылды. Жуантөбе ауылындағы Ж.Қаламбаев, Ә.Жақсыбайұлы, Төле би және Б.Достайұлы көшелері 2,5 шақырым. , 7,3 млн. теңге. Сызған ауылдық округіндегі Қозмолдақ елді мекеніндегі көше жарығымен жарықтандырылған Қ.Тоқмұхамедов көшесінің 1,3 шақырымы жарықтандыру жүйесін пайдалануға берілді

1 117 қаралым