Жарияланды: 13.10.2018

Кәсіптік дайындық – жастар үшін…

Халықты жұмыспен қамту-бүгінгі күннің негізгі мәселесі.Бірінші кезекте қолында дипломы бар жастар жұмысқа орналасуы тиіс.Бұл еліміздің алға қойған басты мідеттерінің бірі.Сайрам ауданында бұл бағытта атқарған тіріліктер баршылық.Осы орайда халықты жұмыспен қамту орталығы белсенділік танытуда, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.

Сайрам ауданда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар атқарылды.Бағдарламаның бірінші бағытымен  340 адам, он мамандық бойынша қысқа мерзімдік кәсіптік дайындықтан өтті. Нарық қажетіне қарай жұмысқа орналасты.

Әлішер Халиддинов — Ақсукент ауылының тұрғыны

Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастым. Айлығымыз жақсы.Айлықтың 35 пайызын жұмыспен қамту орталығы төлеп жатыр.Қалғанын фабрикадан алып жатырмыз.Мен жабдықтау бөлімінде істеймін. Осы жақсы саясаттың арқасында жұмыс тауып отырмын.Осында тұрақты жұмыс істеу нетім бар.

Айта кету керек аудан аумағында халықты жұмыспен қамтамасыз ету  бағдарламасының екінші бағыты бойынша,  атқарылған жұмыстар да  аз емес. «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негізде 156 азамат оқытылып, жыл аяғына дейін 64 адам шағын несиемен қамтылды.Есепті мерзімде 2 мың 273 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Ақмарал Жулаева –Сайрам аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры

2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап әлеуметтік көмек заңы өзгерген.Бұл атаулы көмек 2 бағытта беріледі. Шартты және шартсыз. Биылға бізге 1669 адамды жоспарға беріп, қамтылды.Аз қамтылған адамдарға  1800 отбасыға шартты ақшамен көмек беріп, жұмыссыздарды жұмыспен қамтыдық.

Ауданда азаматтарды уақытша жұмыспен қамту және оларды ақылы қоғамдық жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі де оң  нәтижесін беруде. Осы орайда 230 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл бағытта мүмкіндігі шектеулі азаматтар да ұмыт қалмай, 128 азамат  тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ               

980 қаралым