Жарияланды: 14.10.2018

Көпсалалы компанияның жоспары көп

Түркістан облысындағы «АҚ-СУ» компаниясы құрылыс материалдарын өндіруші компаниялардың алдыңғы легінде. Осыдан 20 жыл бұрын құрылған кәсіпорын өз саласында бәсекелесі жоқ деуге болады. Аталмыш компания өндірген өнімдерді тұтынушылар қатары жыл артқан сайын артып келеді. Сапалы өнім өндірумен қатар тұтынушылардың қалтасына ауырлық түсірмеуді де естен шығарған емес. Көпсалалы компания жабынқыштардың сан алуан түрін өндіреді. Оны тапсырыс берушінің қалауына қарай түрлі пішінде шығарып бере алады. Өнім өндіру үшін әлемдік бренд құрал жабдықтарымен жабдықталған. Н-21 профильдерін осы жоғары технологиялы жабдықтарда өндіреді. Келер жылы НС-10, Н-75 жабынқыштарын өндіруді жоспарлап отыр. Өтімділігі жөнінен бас ауыртпаймыз дейді мамандар. Өйткені құрылыс индустриясы қарқын алған шақта құрылыс материалдарына деген сұраныс бір сәт те толастамайтындығына сенімді. Сапасы жоғары, әрі бағасы қалтаға қонымды өнімге көрші облыстардан да тапсырыс берушілер көп. Көптеген баспаналардың шатырын көмкеріп тұрған жабынқыштар дәл осы компанияның өнімі. Қыста ылғал, жазда ыстық өткізбейтін жабынқыштарды алдағы уақытта экспорттауды да жоспарлап отырған жайы бар.

 

1 072 қаралым