Жарияланды: 14.10.2018

Әшекей бұйымдарына тапсырыс артып отыр

Әшекей бұйымдары бүгінде  өтімді өнім саналады.  Көздің жауын алатын әсем әшекейлердің сөреде шаң басып жатпасы анық. Түркістан облысының тұрғыны А. Сатиеваның әшекей бұйымдар жасайтын цехы бүгінде табысты жұмыс атқаруда. Жылдығы 6 пайыз болатын мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Ашылғанына көп уақыт бола қоймаған «А. Сатиева» жеке кәсіпкерлігі бүгінде көпке танылып үлгерді. Көз қарықтырар әсем әшекей бұйымдарын алтын және күмістен арнайы тапсырыстар бойынша жасап шығарады.  Цех соңғы үлгідегі заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Кез-келген үлгідегі, әсем дизайндармен жасап шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінде арнайы цехта екі шебер жұмыс істейді. Күндігіне 8 дана әшекей жаап шығарады. Дизайндары күрделі болса да шеберлер барын салып, әсем етіп жасайды. Тапсырыстар қысқа мерзімде әрі сапалы етіп жасалынады. Бағасы да анау айтқандай қымбат емес. Қолжетімді. Еліміздің барлық өңірінен тапсырыстар қабылдануда. Әсіресе түркістанның түкпір түкпірінен және Атырау, Қызылордадан тапсырыс беретіндер көп. Тапсырыстардың басым бөлігі алқа және аспа әшекей. Яғни аты жазылған әсем алқалар. Жасалу жолы да қарапайым. Алдымен әшекейдің эскизі жасалынады. Сосын 3 D форматына өткізеді. Шикізаты дайындалып ерітіледі. Қырнау, шлифовка жасау және жылтырату жасалынады. Шикізатты шетелден тасымалдамайды. Жергілікті жеткізушілерден сатып алады. Айына 240 дана әшекей жасалынады яғни 2 келі күмістен. Әшекейдің үстін арнайы алтынмен жалатылады. Оған 8 литр галваникалық алтын кетеді. 1,5 жылдың ішінде тапсырыстар қатары артып отыр. 3 D құрылғылары қажеттілігі туындап отыр. Сол себептен де кәсіпкер «Ырыс» қаржы ұйымына өтініш білдірді. Өтінім қабылданып алдағы уақытта жұмыс ауқымы арта түспек. Кәсіпкер тағы да үш жұмыс орнын ашпақ ниетте.

 

1 076 қаралым