Жарияланды: 12.10.2018

Жас буынға отбасы құндылықтарын дәріптей білу қажет

Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі  үлкен жұмыстар атқарып келеді.  Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Балқия Көмекбаева бастаған ұжым соңғы уақыттары жастардың, сондай-ақ, аналар мен балалардың денсаулығы, құқығы, әлеуметтік жағдайы жағынан өзекті тақырыптар мен мәселелер көтеріп, оны шешудің жолдарын ұсынуда. Балқия Көмекбаева жаппай жаһандану дәуірінде өркениетті қоғамның көшіне ілесіп, онымен қатар жүретін алғыр да білікті ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі заманның талабы екенін  жақсы біледі. Тәуелсіз кең байтақ еліміздің болашағы жарқын болуы жастарымыздың ұшқыр ойлы, ақыл-парасатты болып тәрбиеленуіне байланысты екенін айтты. Әрине тәрбиенің негізгі көзі оның өскен ортасы мен отбасы. Отан отбасынан басталады демекші, бірінші кезекте жас буынға отбасы құндылықтарын дәріптеп, оның бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді нығайту қажет.

1 332 қаралым