Жарияланды: 15.10.2018

Жылдық меже артығымен орындалған

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында ауыл шаруашылығы үшін биыл табысты жыл болды. Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 6 млрд. 257 млн. 800 мың теңге болып, өткен 2017 жылдың 7 айымен салыстырғанда 861 млн. 700 мың теңгеге артып немесе 116 пайызға орындалып, нақты көлем индексі 102,9 пайызды құрады. Аудан бойынша 13 мың 100 га егістік жер игеру межесі белгіленіп, 13 мың  120 га алқапқа егіс егілді. Оның ішінде 5 мың 576 га суармалы жер игерілді. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2060 бас тұсақ қойлар алу жоспарланса, орындалуы 2070 бас болып, жылдық меже 100,5 пайызға, «Құлан» бағдарламасы бойынша 308 бас аналық жылқы алу жоспарланса, орындалуы 197 бас болып, жылдық меже 64 пайызға, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданға 1600 бас мүйізді ірі қара малын тұқымдық түрлендіру 837 бас яғни жылдық меже 52,3%-ға орындалды. Есепті мерзімде ауданда 35 093 бас мүйізді ірі қара, 15 581 бас жылқы,     11 273 бас түйе, 336 088 бас қой-ешкі, 28 688 бас құс өсірілуде.  Төрт-түлік малдың барлық түрлері бойынша 2017 жылдың кезеңімен салыстырғанда 104-106 пайыз өсім бар.

1 033 қаралым