Жарияланды: 13.06.2018

Қалдықтарды өңдеп, құбыр шығарады

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Тек облыс орталығында ғана емес аудан орталықтарында да индустриялық аймақтар толымды тірліктер атқаруда. Созақ ауданының индустриялды аймағында іске қосылған жобаның бірі «Сырлы Созақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің полимерлік қалдықтарды қайта өңдейтін және төменгі қысымды құбырлар шығаратын зауыты.  Құны 222,9 миллион теңге болатын жобаның жылдық қуаттылығы 1 мың тонна. Өнімдерін уран өндіруші кәсіпорындарына жеткізетін зауытта 31 адам еңбек етеді. «Сырлы Созақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Полимер қалдықтарын қайта өңдеу, төменгі қысымға арналған полиэтилен құбырын шығару» жобаларында шығарылатын өнім көлемі 315 миллион 200 мың теңгені құрап отырғанын да айта кеткен дұрыс. Қазіргі таңда серіктестікте 88 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. «Сырлы Созақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Полимер қалдықтарын қайта өңдеу, төменгі қысымға арналған полиэтилен құбырын шығару» жобаларында шығарылатын өнім көлемі жылдан жылға артып келеді. Ауданда қандай да кәсіпорын ашылса алдымен жергілікті жұртшылық қуанады. Өйткені жұмыс орындары ашылады.

1 049 қаралым