Медициналық бұйым шығарады

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы «Тассай» индустриялды аймағында медициналық жабдықтардың 17 түрін шығаратын зауыт өніміне сұраныс артып отыр. Бұл жоба индустриалды- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған жобалардың бірі. «Marai E7 Group» индустриялық аймақта орналасқан ірі кәсіпорындардың бірі. Аталған аймақтардың бірі — Тассай индустриалды аймағы. Жалпы аумағы 89 гектарды құрайтын аймақта бүгінде 24 инвестициялық жоба іске асырылуда. Осы жобалардың бірі «Marai E7 Group» ЖШС-ның медициналық мақсаттағы ортопедиялық бұйымдар шығаратын зауыты. Жоба аясында облысқа 393 миллион теңге инвестиция тартылып, 50 адам жұмыспен қамтылды. Оңтүстік кореялық технологиямен жабдықталған кәсіпорында жылына 500 мың бинт пен 274 мың ортопедиялық бұйым әзірленеді. Зауыт өнімі түрлі сынық-жарақатта қолданылып, салмағының жеңілділігі, эластикалық иілгіштігі, рентген өткізгіштігімен және жылдам қатаюымен ерекшеленеді. ТМД елдері бойынша аналогы жоқ кәсіпорын Қазақстан нарығын толық қамтамасыз етуге қауқарлы.  «Marai E7 Group» зауытының дайын өніміне сұраныс өте жоғары. Қазіргі таңда өндіріс орны Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне өнімдерін экспорттау мақсатында жұмыс істеп жатыр. Аталған кәсіпорын «СҚ-Фармация» ЖШС-мен 10 жылға ұзақ мерзімді келісімге қол қойып, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласып отыр.

8 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*